
Гүлназ Молдабергенова
1970 жылдың 11 тамызында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай поселкесінде дүние келген.
Білімі: Жоғары
1987-1988 жылы облыстық «Жезқазған туы» газетінде корректорлық жұмыс жасаған.
1988 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1994 -1996 жылы Жезқазған қалалық «Мысты өңір» газетінде тілшілі;
1996-1999 жылы республикалық «Жеті жарғы» баспасынан жарық көрген «Қазақстан заңдары» журналының редакторы;
2003 жылы республикалық Қазақ радиосының «Қоғамдық-танымдық бағдарламалар редакциясында» редактор;
2003-2006 жылдары «Экономика тынысы», «Замана қағидалары», «Низам таразы», «Қаһарман» бағдарламаларының редактор-жүргізушісі;
2006 жылы «Экономика және әлеумет бағдарламалар» редакциясының жетекшісі;
2007 жылы Қазақ радиосы Бас редакторының "Шалқар" арнасы бойынша бас редакторы;
2009-2011 жылдары «Экономика және әлеумет» бағдарламалар редакциясының жетекшісі;
2012 жылдың ақпан айынан «Әлеумет» бағдарламалар редакциясының редактор-шолушысы;
2013 жылдан Қазақ радиосы, Алматы студиясының редактор –жүргізушісі қызметін атқарған
2017 жылдан "Шалқар" радиосының редакторы қызметінде.
«ҚаҺарман» бағдарламасы үшін 2002 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі, ішкі әскерінің арнайы марапатына ие болды.
2006 жылы Қазақ радиосының 85 жылдығында Күміс төс белгісімен марапатталдым.
2013-2016 жылдар аралығындағы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқауда «Шаңырақ шуағы» бағдарламасы 2 рет 2-ші орын, 2 рет 3 орынға ие болды.
«Театр көктемі 2017» фестивалінің, «Қуыршақтар шақырады 2019» фестивалінің жүлдегері.
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған, 3 баланың анасы.