Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 1341,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
АЙНҰР АБАЙҚЫЗЫ СӘРСЕНБАЕВА

АЙНҰР АБАЙҚЫЗЫ СӘРСЕНБАЕВА

Туған жылы мен жері: 1978 жыл, 10 қаңтар. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас елді мекені;

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Қазақ Ұлттық Музыка академиясы (қазіргі Қазақ Ұлттық Өнер университеті) «Халық аспаптары» және «Музыкатану» факультеттері, дәстүрлі әнші-концерттік орындаушы және музыкатанушы мамандығы бойыша бітірген.

2004-2006 жыл - Қазақ Ұлттық Музыка академиясы, "Дәстүрлі ән және шертер" кафедрасының мұғалімі; 

2006 жыл - «Қазақстан» РТРК АҚ, Қазақ радиосының «Музыкалық-көңілашар бағдарламалары» Бас редакциясының редактор-жүргізушісі;

2007-2009 жыл - «Музыкалық-көңілашар бағдарламалары» Бас редакциясының Бас редакторы;

2009-2010 жыл - "Әдеби-сазды бағдарламалар" бірлестігі жекшісінің орынбасары;

2010-2013жыл - Әдеби-саз бағдарламалар редакциясының шолушысы;

2013-2017 жыл - Қазақ радиосының 1-санатты продюсері;

2017 жылдан "Қазақ радиолары" ЖШС-ның Музыкалық қызмет жетекшісі.

Кәсіби біліктілік: Қытай Халық Республикасы, Пейжің қаласында Орта Азия елдері арасында ұйымдастырылған телерадиотарату органдары орта және жоғарғы буын жетекшілерінің халықаралық семинарын тамамдаған.

Авторлық хабарлары:"Көркемдік кеңес", "Әннің де естісі бар", "Өнер адамы";

Танымал жобасы: "Ұлы дала дауысы" Халықаралық радиофестивалі.