Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Талант Арғынғали

Талант Арғынғали

1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. 

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген.

2004 жылы осы оқу ордасында журналистика магистрі диссертациясын қорғаған. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері. 

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық айтыста 1 – орын. (Орал) Республикалық студенттер айтысында 3 – орын (Алматы) «Желтоқсан оқиғасына арналған айтыста» арнайы жүлде Алматы қаласындағы Наурыз айтысында арнайы жүлде. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында өткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» республикалық айтысында 3 – орын. Алматы қаласында өткен республикалық Наурыз айтысында арнайы жүлде. Алматы қаласында өткен «Аңырақай шайқасы» республикалық айтысында арнайы жүлде. Көкшетау қаласында айтыс ардагері «Көкен Шәкеевтың құрметіне» өткен айтыста 2 жүлделі орын...т.б. 

«Музарт» тобының «Махаббат гүлі солмайды», «Не деген көркем едің?!», «Достарым», «Кел, жаным...»,т.б Нұр-Мұқасан тобының «Сіздер үшін...», «Махаббат әні», Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Сағыныш» «Жігіттер квартетінің» «Сен ойлама...», «Арман қала» «Заман» тобының ән-қоржынындағы «Мені ойла!», «Асыл жарым», «Қарақат көзің...» сияқты ел арасына кең тараған ән мәтіндерінің авторы.