Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Мұхамедәлі Болатұлы

Мұхамедәлі Болатұлы

Әйгілі қазақ дикторы Әнуарбек Байжанбаев атындағы төсбелгінің иегері (2011 жыл), әлеуметтік желі арқылы өткен арнайы байқауда «Алтын дауыс» аталымының жеңімпазы.

2014-2016 жылдар аралығында БҰҰ-ның ақпараттық Бюросы бастамалық еткен халықаралық журналистика және коммуникация мектебінің радиохабар тарату саласының медиа дәріскері.

2013-2016 жылдарда еліміздегі ЖОО мен аймақтардағы медиа орталықтарда Радиожурналистиканың дамуына белсенді қатысқан.

2016 жылы радиодикторлар арасында 10-нан астам мемлекеттен 109 диктор қатысқан халықаралық «Говорим как Левитан» байқауында үздік атанып, арнайы жүлдені жеңіп алған.

ТМД кеңістігінде үздік 5 радио диктордың тізіміне енген (2016 ж.).

Білімі бойынша мамандықтары: Музыкалық театр және кино актері (Алматы қ. Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА (Театр факультеті) 2009 ж.)

Журналист (Алматы қ. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ (Журналистика факультеті) магистратура 2013 ж.)

Риторика негіздері-телерадиожүргізушілері мен дикторлардың эфирдегі шеберлігі (РФ. Мәскеу қ. "Медиаиндустрия Академиясы" Федералды-мемлекеттік бюджетті білім беру мекемесі 2017 ж.)