Толқын Сұлтан
Сұлтан Толқын Дүйсенқызы - драма және кино актері, қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.
1978 жылы 1 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында дүниеге келген. Эстетикалық бағыттағы Жаңауыл орта мектебінің түлегі.
1996-2000 ж.ж Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының «Драма және кино актері» бөлімінде білім алған.
1994-1996 жж. Торғай облыстық қазақ-сазды драма театрында театр актері;
1999-2000 ж.ж. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ-музыкалық драма театрыныңнегізін қалаушылардың бірі.
1998-2003 жылдары «Хабар» агенттігінің «Тамаша» ойын-сауық отауы бағдарламасының актері;
2003 ж «Рахат» телеарнасында «Бәрінен де сен сұлу» хабарының авторы әрі жүргізушісі. Әртүрлі мемлекеттік іс-шаралардың сценарисі және жүргізушісі.
2013 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) құрамындағы «Қазақ радиосы» радиоарнасында 10 жылдан астам уақыт бойы табан аудармай жұмыс істеп келеді. Атап айтсақ, 2013 жылдан бастап «Шалқар» радиоарнасында, 2017 жылдан бастап «Қазақ радиосы» радиоарнасында редактор-жүргізуші қызметін атқарып келеді.
2017 жылдан күні бүгінге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының БАҚ менеджері;
Осы жылдар ішінде «Шабыт» радиотеатры, «Түркі сазы», «Балаларға базарлық», «Өнер алаңы», «Түркі әлемі», «Мәдениет мәйегі», «Ұлт ұстазы», «Антракт», «Афиша» хабарларының авторы әрі жүргізушісі.
«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС «Қазақ радиосы» радиоарнасының жұмыскері Толкын Султанова шыңдалып, білімін арттырып, білікті маман ретінде танылды. Әсіресе, драма, қуыршақ, хореография театрларының еңбектерін радиоэфир арқылы насихатталуына сүбелі үлес қосып келеді.
Толкын Султанованың «Шабыт» радиотеатры атты авторлық хабарының Қазақстандық радиолар ішінде аналогы жоқ деп нақты айта аламыз.
«Шабыт» радиотеатры хабары апта сайын Республикамыздағы қазақ драма театрларының қойылымдарын, жеке актерлердің моноспектаклдерін, монологтарын, поэтикалық спектаклдерін арнайы студияда жазып алып, музыкамен және арнайы дыбыстық эффектпен әрлеп, көркем дәрежеде тыңдарманға радиоспектакль жанрында ұсынып келеді. Айта кету керек, «Шабыт» радиотеатры хабары БАҚ ішіндегі «радиоспектакль» жанрын қамтып отырған жалғыз хабар. Нәтижесінде Республикамыздағы театрлардың репертуарлары «Қазақ радиосы» радиоарнасының «Алтын қорына» енді. Көптеген шығарма авторларының (драматургтердің) еңбектері аудио нұсқада сақталды. Облыс орталықтарынан шалғайда жатқан, театры жоқ елді-мекендерді радио арқылы көркем дүниелерімен сусындатып, эстетикалық талғамын жоғарылатуда «Шабыт» радиотеатры хабары зор еңбек сіңірді.
Осы уақытқа дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театрының, Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ-музыкалық драма театрының, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ драма театрының, Алматы Мемлекеттік құыршық театры, Астана қаласы әкімдігінің қуыршақ театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының қойылымдары таспаға жазылды.
Сондай-ақ Толкын Султанованың радиоспектакль жанрындағы «Балаларға базарлық» хабары да балдырғандардың қызығушылығын туғызды. Бұған дейін радиодағы ертегілер бір диктордың оқуында ұсынылса, бұл хабарда оны Қуыршақ театрлары мен драма театр актерлерінің дыбысталуымен жасалады. «Балаларға базарлық» хабары балаларға арналған қазақ және әлем жазушыларының ертегі-аңыздары, таңдаулы шығармалары және ұлы тұлғалардың ғибратты әңгімелері кәсіби актерлердің, сөз шеберлерінің орындауында радиоспектакль жанрында берілед
Хабардың басты мақсаты – балаларды әдебиет пен сөз өнеріне баулу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
«Өнер алаңы» хабары арқылы Толкын Султанова театр, кино саласындағы күрмеуі шешілмеген мәселелерді радиоэфир арқылы талдап, оң шешімін табуға ықпал етті. Хабардың мақсаты – ұлттық кино мен театр өнерінің қоғамдағы рөлін айқындау.
Аптадағы мәдениет жаңалықтарының жаршысы – «Мәдениет мәйегі» хабары.
Түсірілім алаңы, сахна сыртындағы тіршілік... Актер әлеміндегі қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласы жайлы шынайы әрі ашық сұхбаттар «Антракт» подкаст-хабарының еншісінде.
2022 жылы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлт ұстазы» хабарын ашып жыл бойы тұрақты цикл жасап эфирден беріп әрі баспасөз беттеріне де жариялап тұрды. Осы хабар барысында сұхбат берген еліміздегі көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің құнды пікірлері «Алтын қорға» алынды.
Толкын Султанованың сүбелі хабарларының бірі, 10 жылдан бері үздіксіз эфирде келе жатқан «Түркі әлемі» хабары. Осы уақытқа дейін хабарда қазақстандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар, тарихшылыр, түркі музыкасын зерттеп жүрген музыкант ғалымдар қатысып келеді. Мақсаты – тыңдармандарымызды түркі дүниесімен жақынырақ таныстырып, достық қарым-қатынас орнату және құнды пікірлер мен Түркі музыкасын Қазақ радиосының «Алтын қорына» енгізу.
2023 жылдың 20 наурызында Қазақ радиосының тікелей толқынында 10 сағат бойы 9 елдің қатысуымен «Наурыз - 2023» Халықаралық радиокөпір өтті. Осы жауапкершілігі мол, елдік мәселелер көтерілетін тікелей эфир тізгінін радио ұжымы радио жүргізушілер Толкын Султанова мен Нұрымжан Қасымов жүргізді. Радиокөпірге Иранның «Pars Today» ақпарат агенттігінің қазақ тілді радиосы, Түркияның «Turkish Radio and Television Corporation» ұйымы, Әзірбайжанның «Azərbaycan Radiosu», Моңғолиядағы «Қазақ» радиосының өкілдері, Қырғызстанның Қырғыз радиосы және Өзбекстанның «Узбекистан 24» телерадио арнасы мен Башқұртстанның «Юлдаш» және Татарстанның «Болгар» радиоарналарының өкілдері қатысып, тікелей қосылым арқылы сұхбат берді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградасы «Ахмет Байтұрсынұлы» медалімен марапатталған.
Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері