Толқын Сұлтан
Сұлтан Толқын Дүйсенқызы - драма және кино актері, қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.
1978 жылы 1 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында дүниеге келген. Эстетикалық бағыттағы Жаңауыл орта мектебінің түлегі.
1996-2000 ж.ж Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының "Драма және кино актері" бөлімінде білім алған.
1994-1996 жж. Торғай облыстық қазақ-сазды драма театрында театр актриса.
1998-2003 жылдары «Хабар» агенттігінің «Тамаша» ойын-сауық отауы бағдарламасында актриса,
2003 ж «Рахат» телеарнасында «Бәрінен де сен сұлу» хабарының авторы әрі жүргізушісі. Әртүрлі мемлекеттік іс-шаралардың сценарисі және жүргізушісі.
2013 жылдан бастап «Шалқар» радиосында;
2017 жылдан бастап Қазақ радиосында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарады.
"Шабыт" радиотеатры, "Түркі әлемі", "Өнер алаңы", "Мәдениет мәйегі", «Балаларға базарлық» хабарларының авторы әрі жүргізушісі.
2017 жылдан "Наз" мемлекеттік би театрының БАҚ менеджері. Автордың мақалалары, интермедиялары әркезде баспасөз беттеріне жарияланып тұрады.