Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Амангүл Ермекқызы

Амангүл Ермекқызы

1989 жылы 2 қазанда дүниеге келген.

Білімі: 2008-2012жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – филология, бакалавр.

Жұмыс тәжірибесі: 2011 жыл – РТРК «Қазақстан» АҚ Атырау облыстық филиалы «Қазақстан-Атырау» радиосында редактор-жүргізуші;

«Жыр перне» әдеби-музыкалық хабары мен «Кеш жарық» радио сайысының автор-жүргізушісі;

2012-2014 жж. – Астана қаласы «SANA» балаларды дамыту орталығында оқытушы;

2014-2015 жж. – «Хабар» арнасының тапсырысы бойынша «Жазира-студия» продюсерлік орталығы дайындаған «Ұлт саулығы» және «Айбын» бағдарламасының редактор-сценаристі, диктор;

2016 жыл - Қыз-келіншектерге арналған «Ана бол» сайтындағы «Денсаулық» айдарының редакторы;

2016 жыл – «Қазақстан» ҰТА «Бүгін жексенбі» бағдарламасының сюжет редакторы;

2016 жыл – «Қазақстан» ҰТА «Жан жылуы» бағдарламасының редактор-сценаристі;

2017 жыл – Қазақ радиосы «Жан жылуы», «Ақ отау» бағдарламасының редакторы, «Атымтай» бағдарламасының редактор-жүргізушісі;

2018 жылы – «Сәуле-ғұмыр» лирикалық сағатының редактор-жүргізушісі;

«Мың алғыс» әлеуметтік жобасының, «Қайырлы таң, қазақ елі» бағдарламасының редактор-жүргізушісі;

«Түркия үні» радиосы эфирінен шығатын «Түркістаннан тарту» хабарының, "Жырлайды жүрек" поэзия сағатының редактор-жүргізушісі.