Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Нұрсәуле Мамытхан

Нұрсәуле Мамытхан

• 1999-2003ж.ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы фаультетін;

• 2003-2005ж.ж Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын қызыл дипломмен тәмәмдаған.  

Мамытхан Нұрсәуле – журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағының иегері.  

Еңбек жолы:  

• 2005-2009ж.ж «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ Радиосының редактор-бағдарлама жүргізушісі.  

• 2009-2012ж.ж «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторы. 

• 2012-2013ж.ж «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ Радиосы «Әлеумет» редекциясысының шолушы-редакторы,

• 2013-2015 Қазақ радиосы «Әлеумет» редекциясы жетекшісінің орынбасары.

• 2015-2017 Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы 

• 2017- 2020 ж.ж «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС «Стратегиялық дамыту қызметінің» аудармашы-редакторы

2020-жылдан бастап «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС «Диджитал» қызметінің веб-редакторы қызметінде. 

 Марапат: 

• 2007ж. «Қазақстан» РТРК «Құрмет грамотасының» иегері.

• 2008ж. Қазақ Радиосы «Қалтықсыз еңбегі үшін» дипломының иегері.

• 2019ж. «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ұжымының имиджін қалыптастырып, дамуына қосқан үлесі үшін «Алғыс хатының» иегері.  

• Журналистерге арналған әртүрлі Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, 30-дан астам ақпараттық-сараптамалық мақалалардың, сұхбаттардың авторы.  

• «Балдәурен» Халықаралық радиофестивалінің жоба авторы әрі жүргізушісі. 

• «Махаббат аялдамасы», «Бәйтерек», «Жеткіншек», «Балауса», «Еркетай», «Ана мен бала», «Тәуелсіздік толғауы», «Көкейкесті», «Ұрпақ қамы», «Тапқыр бала», «Жақсының жақсылығын айт», «Кешкі сұхбат», «Саяси шолу Кенжеболат Жолдыбаймен» т,б радио бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі.

Қосымша: 

• Қазақ, орыс тілдерінен бөлек қытай, ағылшын тілдерін меңгерген.

• Кәсіби бет әрлеуші (визажит). 

Ұстанымы:  

• Уақыт – бәрінен қымбат. Әр сағат, минут, секундтың өз құны бар.

• Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.

• Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді.