Гүлнұр Омарханқызы
Гүлнұр Омарханқызы Доскеева
Туған күні: 1977 жылы 9 сәуір. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тұзкөл ауылы;
Білім деңгейі: Жоғары
Аспирантура: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті (Мәдениеттану кафедрасы) (2006 -2008);
Магистратура: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті (Баспа ісі және редакциялау кафедрасы) баспагер мамандығы бойынша үздік диплом (2002-2004);
Жоғары білім: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті (жалпы журналистика бөлімі, телерадио кафедрасы) журналист мамандығы бойынша үздік диплом (1998-2002);
Арнайы кәсіптік білім: Алматы қалалық №1 педагогикалық колледжі «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптардағы оқыту» мамандығы бойынша үздік диплом (1994-1997);
Мамандығы: Педагог-журналист
Жұмыс тәжірибесі:
2017 жылдан Л.Гумелев атындағы Еуразтя Ұлттық университеті, Журналистика факультетінің Аға оқытушысы;
2005 жылдан бүгінге дейін Әдеби-сазды «Шалқар» ұлттық арнасының танымдық «Халық мұрасы», «Бесігіңді түзе!», «Дәстүр», «Әлем әдебиеті», «Депутат сағаты», «Шалқар шаңырағында», «Елім менің!», «Жұлдызды түн», «Сазды сәлем», «Баспасөзге шолу», «Қайырлы таң, Қазақ елі!», «Таңжарық» таңғы бағдарламасының авторы, редакторы әрі жүргізушісі;
2009-2011 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті (жалпы журналистика бөлімі, телерадио кафедрасы) журналист мамандығы бойынша аға оқытушы
2009-2012 жж. Алматы қаласы, «Құлагер» ықшамауданындағы № 148 мектеп-гимназиясында «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі;
2004-2005 жж. «Атамекен» еларалық журналының тілшісі ;
2002-2003 жж. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтының PR менеджері, «Дарыниана» газетінің бас редакторы (Әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық газет) ;
1997-1998 жж. Әуезов аудандық №104 қазақ орта мектебі (бастауыш сынып оқытушысы;
Тілдік білім деңгейі:
Қазақ тілі: Өте жетік (әдебиет және тіл);
Ағылшын тілі: Кәсіптік деңгейде (сөздікпен жұмыс);
Орыс тілі: Кәсіби деңгейде (әдебиет және тіл);
Қосымша мәліметтер:
«Қазақстан» ТРК-ның «Құрмет» грамотасымен (2008ж.), Қазақстан Журналистер Одағының «Алтын жұлдыз» байқауының дипломымен (2009ж.), ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен» (2013-2016жж.), Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының «Алғыс хатымен» (2016ж.), Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Құрмет белгісімен(2016ж.), ҚР Парламенті Мәжілісінің «Парламент сөзі» сыйлығымен және ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен»(2017ж.) ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мемлекеттік тіл және БАҚ республикалық байқауының «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша I орын иері атанып, дипломмен марапатталған.
Жеке қасиеттері: Өз ісіне жауапты, ізденімпаз.
Қызығушылығы: Поэзия және көркем сөзге құштарлық. Театр және драматургияға әуесқойлық. Афоризмдер мен даналық сөзді жинау кәсібі. Шахмат ойнауға әуесқойлық.