
Айнұр Шамшейт
Шамшейтова Айнұр Асылханқызы
2000 жылы мектеп бітіріп Түркістан қаласындағы «Тұран» колледжіне оқуға түстім. Қазір «Дарын» колледжі деп аталады.
2003-2007жж. ҚАЯсауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде оқыдым.
- 2001-2004жж оқи жүріп Түркістан қаласындағы «Әлия» балабақшасында жұмыс жасадым.
- Өлеңдерім мен мақалаларым көптеген газет, журналдарда жарық көрді.
- Қаланың атынан «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты облыстық сайысқа қатысып лауреат атандым.
- Ақын Өмірбай Сәуірбаевтың 60 жылдығына арналған Республикалық байқаудың лауреатымын.
- 2012 жылы «Тағдар сыйы» проза жанрындағы кітабым жарық көрді.
2007 жылы РТРК «Қазақстан» Қазақ радиосының «Қайырлы таң, Қазақ Елі!» таңғы бағдарламасына редактор-жүргізуші қызметіне қабылдандым.
- Таңғы бағдарламаны жүргізіп жүріп «Таңғы сұхбат», «Орайы келген әңгіме», «Атымды АДАМ қойған соң», «Сіз білесіз бе?» атты көптеген хабарлар жасап эфирге шығардық.
- Ақпаратты-танымдық сазды бағдарламасынан Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына редактор-жүргізуші қызметіне ауыстым.
- «Қайырлы таң,Қазақ Елі!» бағдарламасы мен «Елім менің» хабарын жүргіздім.
- 2015 жылы ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай әйелдер арасында өткен сайысқа қатысып 3 орынды жеңіп алдым.
- «Әдеби-саз» концерттік, музыкалық-танымдық редакциясының редакторы лауазымына ауысып «Түнгі толқын» жастар бағдарламасын, «Әдебиет әлемі», «Гүлдесте», «Сөйлеу мәдениеті», «Бүгінгі сұхбат» хабарларын жүргіздім.
- Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының дипломымен марапатталдым.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуына белсене атсалысқаны үшін, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» Алматы қалалық байқауының «Үздік радиожурналист» номинациясы бойынша дипломмен марапатталдым.
- Қазақ радиосының «Қайырлы таң,Қазақ Елі» таңғы бағдарламасын, «Түнгі толқын» жастар бағдарламасын жүргіздім. «Сөйлеу мәдениеті», «Әдебиет әлемі» хабарлары мен «Гүлдесте» айдарының авторымын.
- Шалқар радиосының «Шалқар кеші көңілді» көңілашар-сазды бағдарламасын жүргіздім.
- Қазіргі таңда Шалқар радиосында «Отанды сүю», «Жайдарман» бағдарламаларын жүргіземін. Авторлық «Әдебиет әлемі» хабарым да тыңдарман назарына ұсынылуда.
Бос уақытымда балаларыма арнап күнделік жазамын. Қызықты кітаптар оқып, сұрақ-жауаптар ұйымдастырамыз. Отбасымызбен киноға барғанды ұнатамыз.