МҰХАМЕДИЯР РАШАЙ
1980 жылы 1 қарашада дүниеге келген.
1999 жылы «Қайнар» лицейінің ұстазы, 2000-2001 жылдары «Алатау» Жамбыл облыстық ән-би ансамблінің әншісі, 2001-2003 жылдары «Алатау» Жамбыл облыстық ән-би ансамблінің бас әкімшісі, 2003 – 2004 жылдары Астана қаласы «Мемлекеттік филармониясы» әкімшісі болды. 2004-2007 жылдары Астана қаласы «Мемлекеттік филармониясы» «Наз» халық биі ансамблінің директоры, 2007-2008 жылдары Астана қаласы, Мәдениет департаменті Өнер бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары Астана қаласы «Жастар» театрының бас продюсері, 2011-2012 жылдары Мемлекеттік «Астана Сазы» компаниясы директордың орынбасары, 2011 – 2012 жылдары «Іскерлер толқыны» радиосының музыкалық жүргізушісі болды.
2012 жылдан бастап қазақ радиосында Ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясының редакторы, аға редактор, продюсер қызметінде болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Мәдениет министрінің, Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.