Оңғар ҚҰРАЛ
Оңғар ҚҰРАЛ
1970 жылы 9 желтоқсанда Өзбекстандағы Ташкент облысының Бостандық ауданында Қараманас ауылында туған.
1988 ж. сондағы Қаныш Сәтбаев атындағы №34 орта мектепті, 1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің (қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетін бітірген.
1993 жылдан бастап Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, комментатор, аудармашы, Ақпарат редакциясының жетекшісі, Қоғамдық-танымдық бағдарламалар редакциясының жетекшісі, Үйлестіру бөлімінің бастығы, Қазақ радиосының Бас редакторы, Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры, т.б. қызметтерін атқарған. Қазір «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-нің Алматы студиясында жетекші редактор. "Шалқар" радиосындағы "Сөз киесі" бағдарламасының авторы және күн сайын эфирден берілетін "Алтын қор" хабарларының жауапты шығарушысы.
Оңғар Құрал - 2005 ж. Қазақ радиосындағы «Біз қалай сөйлейміз?» және 2011 ж. «Тіл мәдениеті» хабарлары үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл Комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурстардың «Үздік радиохабар» номинациясы бойынша жүлдегері.
2008 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
2016 ж. Қазақстан Халқы Ассамблеясы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпазы.
2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2018 ж. «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және 2020 ж. "Qazaqstan" телерадиокорпорациясының "Күміс жаршы" төсбелгісімен марапатталған.
2021 ж. Қазақстан Ресубликасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында «Шалқар» радиосындағы «Сөз киесі» радиохабары үздік деп танылып, «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша 1 орын иегері атанды.
"Біз қалай сөйлейміз?" кітабының авторы.