Маржан Нұржанова
Түркістан облысы Сары-ағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Университет қабырғасында 2-ші курс – 2005 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Қазақ» және «Астана» радиосында журналист болып қызмет атқарып бастаған.
Қазақ радиосында ақпараттық –танымдық «Мен қазақпын» бағдарламасының 5 бөлімін де, алты жыл бойы жүргізді.
Астана радиосында «Қас-қағым», «КиноАрт», «Әйгілі адамдар», «Жұмбақ жан», «Жыр жауһары», «Кітап әлемі», «Art week», «101 пікір», «Мәдениет» сынды көңіл-ашарлық және ақпараттық–танымдық авторлық бағдарламаларын жүргізді. Аталған авторлық бағдарламалары тыңдарман көңілінен шығып, жүргізушінің шығармашылық дамуына септігін тигізді. «Мәдениет және өнер», «Қазанат» Республикалық ғылыми-танымдық журналына мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар журналист және сценарист болып жеке компанияда қызмет атқарған.
Елордамызда өткен халықаралық және республикалық ірі мәдени-бұқаралық іс-шараларды жүргізген және ұйымдастырған.
Бүгінгі күнде «Астана» радиосында тікелей эфирде жүргізуші редактор болып жұмыс істейді.
Маржанның ойынша, адам әрқашанда өз өмірінің суретшісі бола білуі керек.