Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Маржан Нұржанова

Маржан Нұржанова

Түркістан облысы Сары-ағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Университет қабырғасында 2-ші курс – 2005 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Қазақ» және «Астана» радиосында журналист болып қызмет атқарып бастаған.

Қазақ радиосында ақпараттық –танымдық «Мен қазақпын» бағдарламасының 5 бөлімін де,  алты жыл бойы жүргізді.

Астана радиосында «Қас-қағым», «КиноАрт», «Әйгілі адамдар», «Жұмбақ жан», «Жыр жауһары», «Кітап әлемі», «Art week», «101 пікір», «Мәдениет» сынды көңіл-ашарлық және ақпараттық–танымдық  авторлық бағдарламаларын жүргізді. Аталған авторлық бағдарламалары тыңдарман көңілінен шығып, жүргізушінің шығармашылық дамуына септігін тигізді. «Мәдениет және өнер», «Қазанат» Республикалық ғылыми-танымдық журналына мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар журналист және сценарист болып жеке компанияда қызмет атқарған.

Елордамызда өткен халықаралық және республикалық ірі мәдени-бұқаралық іс-шараларды жүргізген және ұйымдастырған.

Бүгінгі күнде «Астана» радиосында тікелей эфирде жүргізуші редактор болып жұмыс істейді.

Маржанның ойынша, адам әрқашанда өз өмірінің суретшісі бола білуі керек.