Қызылқұмда ауылым
Қызылқұмда ауылым
халық әні
Кекілің келте бозбала, шашың майда,
Іздемеген жігітке қыздар қайда.
Оймақ ауыз, күлім көз, құралай шаш,
Жолығар ма еді өзіңмен осындайда.
Қ-сы:
Қызылқұмда ауылым,
Қыз, бозбала сауығым.
Өзіңменен ойнамай,
Басылмайды сауығым.
Қызға жігіт құмар-ай,
Қыз да мойынын бұрады-ай.
Сезіп қалса шешесі.
Шарт еткізіп ұрады-ай.
Жігітте де жігіт бар қыңырайған,
Баса киіп шәпкесін жымырайған.
Аңдығаны кеш болса қыз-келіншек,
Ол құдайдың қырсығы,құдай ұрған.
Қ-сы:
Қыздарда да қыздар бар,мінезі ашық,
Ашықтықтан болады-ау жігіт ғашық.
Қапелімде шешесі сезіп қалса,
Ұялғансып қалады,бетін басып.
Қ-сы
Қыз дегенім,қалқам-ау,
Қай қылығын айтам-ау.
Қағып-соғып өтетін,
Жігіттерге жайтаң-ау.