Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Астана күнінде қайда баруға болады?

Астана күнінде қайда баруға болады?

Елорда күніне санаулы ғана күндер қалды. Айтулы мереке қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйламақ. Осыған орай Астана күнінде болатын ең қызықты шаралар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

3 шілде – «Elle Style Awards Kazakhstan 2016» жүлдесімен марапаттау кеші (Бейбітшілік және келісім сарайы, 17:00)

4 шілде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған «Жан досым» атты концерт (Конгресс-Холл, 18:00)

4-5 шілде – «Астана-Арқау» атты дәстүрлі түрік музыка фестивалі («Астана-Опера» театрының камералық залы, 19:00)

4-6 шілде -  IV «Серпер» ұлт-аспаптар оркестрінің музыкалық фестивалі (қалалық алаң, 17:00)

4-6 шілде – Халықаралық батпырауық ұшыру фестивалі (Сарайшық көшесі бойындағы көпір маңы, 12:00)

4-6 шілде – Евгений Плющенконың «Снежный король-2» атты шоу-ертегісі («Қазақстан»  спорт сарайы, 16:00 және 20:00)

5 шілде – «Көңілді Астана» әзіл кеші (Конгресс-Холл, 18:00 және 21:00)

6 шілде – Турецкий хорының қатысуымен тұңғыш ұлттық караоке-фестивалі («Бәйтерек» монументі маңындағы алаң, 21:00)

6 шілде – айтыскер ақындардың халықаралық турнирі  (Конгресс-Холл, 15:00)

6 шілде – «Ұлытау ұлы» концерті. Шараға АБК  және «МузАРТ» топтары мен Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі, Тұрсынбек Қабатов қатысады («Алау» мұз сарайы, 19:00)

8 шілде – «МузАРТ» тобының 15 жылдық мерейтойына арналған концерт («Қазақстан» орталық концерт залы, 16:00 және 20:00)

Бағдарлама кестесінде өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.