Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қаршыға Ахмедияровтың «Ақ қайың» күйінің тарихы (АУДИО)

Қаршыға Ахмедияровтың «Ақ қайың» күйінің тарихы (АУДИО)

Рухыңды оятар қас-қағымда,

Аңыз жатыр өмірдің бастауында.

Аңыз жатыр өнердің өзегінде,

Аңыз жатыр әр күйдің астарында.

«Қазақ күйінің Қаршығасы» атанған Қаршыға Ахмедияровтың «Ақ қайың» күйінің тарихы.

«Ақ қайың» - күйші жанынан шыққан алғашқы туындыларының бірі. Ақындар мен суретшілердің ғана қиялын тербеген ақ қайың күйшіні де елітсе керек. 

Дәулескер домбырашы Отан алдындағы борышын өтеп, туған жерден жырақта жүреді. Жүрген жері орманды алқап болса керек. Көп талдың ішінде бір шоқ ақ қайыңға жақын келеді. Баяу тербелген қайың елден сәлем айтқандай желмен сыбдыр қағады, сағынышты тербеп, жанға жылу сыйлайды. Осы бір ахуал күйші көңіліне әуен құйғандай еді...».

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Сәрсенғали Жүзбаев.