Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Радиотеатр. «Ана-Жер ана» моноспектаклі

Радиотеатр. «Ана-Жер ана»   моноспектаклі

Кешегі сұрапыл соғыс алып келген ана қасіретін, жар қасіретін бір адамның басына түгел сыйғызып берген бұл шығарма тереңіне дейін тебірентпей қоймайды. Мұнда ұлы қасірет, терең трагедия бар. Бірақ, бұл трагизм адамның - ананың адамгершілік ұлы қасиетін, рухани құдіретін ашқан өршіл трагизм. «Ана-Жер ана»  спектаклі қазақ театрларында сан жылдар бойы сахнадан түспей келеді.

Авторы: жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс  Айтматов.

Қоюшы режиссері: ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов.

Орындаушы: Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Бақыт Жұмағұлова.

Хабардың авторы: Толқын Сұлтан.

Естеріңізге саламыз, «Ана-Жер ана»  моноспектаклі «Шалқар» радиосының 50, Қазақ радиосының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шалқар шабыт» байқауында дауыс беру нәтижесі бойынша үздік қойылымдар қатарына енген.