Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ақтауда Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы орталық ашылады

Ақтауда Халық жазушысы  Әбіш Кекілбаев атындағы  орталық ашылады

Ақтау қаласында ҚР Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы орталық ашылмақ, деп хабарлайды КазТАГ агенттігінің тілшісі.

Орталықты ашу туралы бастаманы 2016 жылдың басында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев көтерген болатын. Аймақ басшысы қыркүйек айында Астананың жетекші сәулетшілерімен кездесіп, ғимараттың нобайымен танысты.

Жобаның басты мақсаты – жазушының мәдени мұраларын сақтап,  насихаттау. Құрылыс жұмыстарының басы  2017 жылға жоспарлануда. Төңірегінде  субұрқақ орналасатын ғимаратта   кітапхана, мұражай, концерттік зал және кітап дүкені болмақ. Жоспар бойынша орталық 2000 қонаққа дейін қабылдайды.

Әбіш Кекілбаев 2015 жылдың 11 желтоқсанында 76 жаста дүниеден озды.