Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ұлттық кітапханада Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Ұлттық кітапханада Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Бүгін Ұлттық кітапханада жазушы, зерттеуші, кинодраматург және күйші Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. 

Т.Әсемқұлов қалың көпшілікке «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдерінің сценарий авторы ретінде танымал. Көзі тірісінде тек бір ғана кітабы жарық көрген. Ол – 2003 жылы «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» әдеби сайысын жеңіп алған «Талтүс» романы. 

Алғашқы 5 томдыққа қаламгердің әңгімелері, хикаялары, киноромандары, әдебиет, тарих және түрлі тақырыптағы мақалалары кірді. Жақын арада жинақтың екінші бөлімін шығару жоспарлануда. 

 Таласбек Әсемқұлов 2014 жылы 59 жасында дүниеден озды.