Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Өшіре алам ба кеудемнен?»

«Өшіре алам ба кеудемнен?»

Көзге көрінбес күнәларымды,

Оқылмай қалған дұғаларымды...

Алладан бұрын пенде біткенді,

Бес күнге қимай сынағанымды...

...Өшіре алам ба кеудемнен?

Есімді білмес ессіз күнімді,

Түгесілген төзім... көзсіз мұңымды...

Жария етіп... жалғаннан бездім,

Қараңғы дедім, Сізсіз ғұмырды...

Өзгерерін бәрін кім білген?

«Жалғызбын» деппін... сезбеді жаным,

Түннің де тұнық көздері барын.

Сезімге ұйып сыңар етіппін,

Өзіме тілеп, өзгенің бағын...

Көңілді қалай сендіргем?

Бағалай алмай бақыттарымды,

Жалғанға қиып жақұт-таңымды.

Нұрынан Күннің жасқанды жүзім,

Кім білсін... бүгін ғаріп халімді...

Жанымды шерге көндірген...

Қайғыға балап, шүкір күнімді,

Тағдырға телген бүкіл мұңымды...

Тілімнен шыққан тоғыз күнәмді,

Айтылып қалған күпірлігімді...

Өшіре алам ба кеудемнен?

 

Өлеңді оқыған – Гүлнұр Ахметжан.