Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» Алаш ардақтыларының дауыстары аудиодиск түрінде жарық көрді

Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» Алаш ардақтыларының дауыстары аудиодиск түрінде жарық көрді

Қазақ радиосының 95 жылдығына орай «Алтын қордағы» ұлт ардақтыларының дауыстары аудиодиск түрінде жарық көрді.

Ғасырға жуық уақыт бойы мәдениетіміздің мәйегін, ұлттық құндылықтарымыздың қаймағын іркілтпей сақтаған Қазақ радиосы – халқымыздың рухани байлығы шоғырланған үлкен мұрағат ошақтарының бірі. Ондағы аса құнды байлықтар – есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылған өнер қайраткерлерінің шығармалары мен олардың теңіз толқынындай ақжал, кесек, келісті дауыстары.

Аудиодискке ІІ Дүниежүзілік соғыс жауынгерлері мен ардагерлерінің: Бауыржан Момышұлының, Қасым Қайсеновтің, Рақымжан Қошқарбаевтың, Талғат Бигелдиновтің, Сағадат Нұрмағамбетовтың, Хиуаз Доспанованың, сонымен қатар, қазақ өнер майталмандарының: Шәкен Аймановтың, Әміре Қашаубаевтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Күләш Бәйсейітованың, Роза Бағланованың, ақын-жазушылар: Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Жұбан Молдағалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Әзілхан Нұршайықовтың дауыстары енген.

Айта кетейік, Қазақ радиосының 95 жылдығына орай «Күй-шежіре», «Атадан қалған асыл сөз», «Тәуелсіздікті жырлаймын» хабарлары да аудиодиск түрінде жарық көрді.