Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Сәдібек Түгел: Ата заң – бейбіт еліміздің алтын арқауы

Сәдібек Түгел: Ата заң – бейбіт еліміздің алтын арқауы

"Шалқар шаңырағына" Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі, Ұлттық ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел келіп, тікелей эфирде сұхбат берді.

ҚР Президенттігіне 2019 жылы кандидат болған студия мейманы Ата заңымыздың 25 жылдығымен қазақ елін құттықтай отырып, Конституция – бейбіт еліміздің алтын арқауы екенін айтты. Сондай-ақ 1 қыркүйекте болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бұқарамен бірге асыға күтетіндігін жеткізді. Қашанда халықтың ортасында біте қайнасып жүрген журналист әрі жазушы ретінде қоғамдағы түйткіл мәселелердің бірі – жемқорлықпен күрес турасында айтып, осы мәселені түбегейлі жоюға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Сұхбатты толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген жүргізуші- редакторы Ләззат Тиышбекқызы.