Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Президент Жолдауы халықтың жаңа сапаға көшуіне септігін тигізері сөзсіз – Сәуле Досжанова

Президент Жолдауы халықтың жаңа сапаға көшуіне септігін тигізері сөзсіз – Сәуле Досжанова

"Шалқар" радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін «Өнеге» танымдық хабарының бүгінгі санында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың лауреаты Сәуле Досжанова қонақта болды.

Бағдарлама барысында жазушы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысына қатысты айтқан ойларын толығымен қолдайтынын жеткізді.

"Халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттырудағы мәселеге, әсіресе, білімге көбірек көңіл бөлінуі, мұғалімдердің жалақысының көтерілуі халықтың жаңа сапаға көшуіне септігін тигізері сөзсіз",- деді бағдарлама қонағы.

Қызықты әрі сырлы сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.