Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Үмітхан Дәуренбекқызы: Кітапхана 24 сағат онлайн қызмет көрсетеді

Үмітхан Дәуренбекқызы: Кітапхана 24 сағат онлайн қызмет көрсетеді

«Өнеге» хабарына педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева қатысып, кітапхананың бүгінгі ахуалына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауына тоқталды.

Үмітхан Дәуренбекқызы еліміздің болашағын ойлайтын болсақ, балалар кітапханаларының санын көбейтіп, білімді, зерек, саналы жастарды тәрбиелеуіміз керектігін, бұл тұрғыда кітапхана тарапынан көптеген жұмыстар жасауға тырысып жатқандықтарын айтты.

"Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы www.kazneb.kz пен www.nabrk.kz платформалары арқылы тәулігіне 24 сағат онлайн қызмет көрсетіп келеді. Карантин басталғалы елімізге белгілі жазушы, ақындармен, зиялы қауым өкілдерімен оқырмандарға пайдалы онлайн-кезесу, дәрістер, тәрбие сағаттары мен тегін шет тілі курстарын ұсынып келеді. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өтеміз. Осы орайда кітапхана қызметкерлері бірінші болып жыл басынан бері түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Қазіргі кезде қызықты танымдық көрмелер, байқаулар ұйымдастырып жатырмыз және сол көрмелерді тамашалауға барлық кітапсүйер қауымды шақырамыз",- деді студия қонағы.

Сұхбатты толығырақ бағдарламаның  аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген хабардың авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.