Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жолдау – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

Жолдау – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

Бүгін «Шалқар шаңырағына» бағдарламасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев қонақта болды.

Бағдарлама барысында студия қонағы биылғы Жолдаудағы кәсіпкерлікті қолдау туралы ой-пікірін білдірді.

"Экономиканың шеккен зардабын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілді. Төлем мерзімі кейінге шегерілді, несиені жеңілдікпен қайта қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен қатар, Жолдауда Президент шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған сәттен, яғни, биылғы 16 наурыздан бастап 12 айлық кезеңді қамтиды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квази мемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алған бизнес өкілдерін жыл соңына дейін жалдау ақысын төлеуден босатты. Бұл да болса елдегі кәсіпкерлердің жағдайына қарайласу деп білемін",- деді Бейсен Жолболдиев.

Толық ақпарат бағдарламаның аудионұсқасында.

Хабарды жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.