Сөз киесі: Кейбір сөздердің шығу төркіні туралы

Әр сөздің шығу төркіні болады. Кейде қандай да бір сөздер мен сөз тіркестерінің мәні мен мағынасын жете түсініп, танып жатпасақ та, қажетіне қарай тиісті жерінде қолданып жатамыз.
Жалпы әрбір сөз белгілі бір қажеттіліктен пайда болып жатады, не бір тілден екінші тілге ауысады, мағынасы өзгереді, кейде түпнұсқасы мүлдем ұмытылып, жаңа мазмұнға ие болады.
Бұл жолғы әңгіме де кейбір сөздердің шығу төркініне арналды.
Спикер: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Ботагөз Сүйерқұл.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құралов.
Толығырақ аудионұсқада.