Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Самал Ботаханқызы: Президент Жолдауы – ұстаздарға үлкен қолдау болды

Самал Ботаханқызы: Президент Жолдауы – ұстаздарға үлкен қолдау болды

Бүгін  "Шалқар шаңырағында" бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп – гимназиясының директоры, педагогика ғылымының кандидаты, Оқу ісінің үздігі Самал Ботаханқызы қонақта болды.

Самал Ботаханқызы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы білім саласына қатысты ойларына тоқталды.

"Жолдауда білім, ғылым саласы өзекті мәселе қатарында айтылды. Бұл бағытта бірталай жеңілдіктер мен қолдаулар көрсетіліп жатыр. Мысалы, білім саласындағы басты мәселелердің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылданды. Президент жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін, бұл мақсатта алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетінін айтты. Сонымен қатар, өте маңызды мәселе – қашықтан білім беру жайы да қозғалды. Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасы әзірленуде. Қолжетімді әрі сапалы білім туралы жақсы ойлар  айтылды. Ендігі кезекте осының барлығын іске асыру – сіздер мен біздердің қолымызда" ,- деді студия мейманы.

Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.