Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ырза Тұрсынзада: Әйелің ақылды болса, төрт құбылаң түгел

«Шалқар» радиосының тікелей эфирінде өтетін «Өнеге» хабарына «Құрмет» орденінің, «Алтын сапа» сыйлығының иегері, белгілі этнограф-дизайнер Ырза Тұрсынзада қатысты.

Әжесі мен анасының тәрбиесімен бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіре білген студия мейманы қолөнер шеберлігіне ерекше тәнті болып өскендігін айтады. Сондай-ақ ол бағдарлама барысында ұрпақ тәрбиесіндегі әйелдің рөліне қатысты пікірін білдірді.

«Қазіргі қоғамда әйелдердің айтатын әңгімелерінде пәтуа жоқ, арзандап кеткендігі мені қатты толғандырады. Айғаным, Зере, Айша бибі сынды дана  арулардың кейінгі ұрпағы арзан әңгіме, қу дүниені айтпай, керісінше рухани азық болатын мәнді істерге ұмтылса деймін. Қазақ елінің барлық қыз-келіншектері бір-бірімен бәсекелесуді қойып, өздерін білім-іліммен, рухани байлықпен жетілдіріп отырса екен. Әйел адам білімді болса, ер азаматы да жігерлі, ұрпағы салиқалы болады. Жалпы әйелің ақылды болса, төрт құбылаң түгел деген сөз»,- дейді Ырза Тұрсынзада.

Қызықты әрі танымдық сұхбатты бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап жүргізген хабардың авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.