Елдос Абақанов: Экологияны қорғау – жер бетіндегі әр тұрғын үшін маңызды
«Өнеге» хабарына ҚР Экологиялық ұйым қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов қатысып, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Қазақстанның экологиясына ең ауқымды ревизия жасау» туралы ойына тоқталды.
Студия қонағы еліміздің экологиясы өте күрделі жағдайда тұрғанын айта отырып, әлемнің антиэкологиялық рейтингісінде Қазақстан өкінішке қарай көш бастап тұрғанын сынға алды.
"Еліміздің әр тұрғыны экологияны аялап, табиғат аясына шыққанда қоқыстың ұлғаюына жол бермеуі керек. «StopMusor» жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сонымен қатар тұрғындар арасында тұрмыс қалдықтарын жоюға мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған. Экологияны қорғау, мәдениетті болу – жер бетіндегі әр тұрғын үшін өте маңызды",- дейді студия қонағы.
Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.