Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

"Үркер" ұлттық сыйлығы – журналистика саласына тың серпін бергені шындық

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған байқауда биыл бірінші рет Шерхан Мұртаза атындағы арнайы номинация тағайындалғаны үлкен жаңалық болды. Тағы бір елең еткізетіні - осы ұлттық сыйлықтың "Жылдың үздік басылымы" номинациясын алғаш рет аймақтық басылым жеңіп алғаны!

Бір айта кететіні, оны 100 жылға жуық тарихы бар, жазушы Мұхтар Əуезов арнайы келіп, сол кездегі шығармашылық ұжыммен танысқан, жазушы Кемел Тоқаев еңбек еткен, кезінде Мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровқа күйе жағылғанда алғаш батылдық танытып араша түскен Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің жеңіп алғаны - нағыз лайықты берілген баға екенін мойындау керек!

Қазір "Əулиеата медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне құрамына қосылған "Ақ жол" газетінде кезінде елге белгілі қаламгер қызмет еткен, мықты мектебі қалыптасқан қара шаңырақ! Газет 98 жылдық белесінде мұндай марапатқа қандай қиындықтарды еңсеріп барып қол жеткізді, басылымның қазіргі хал-ахуалы қалай? "Ақ жол" газетінің бас редакторы Оралхан Дəуітпен сұхбатымыз осы бағытта өрбіді.

Толығырақ аудионұсқада.