Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Зира Наурызбаева: Балалар тақырыбында қалам тербеуіме қызым түрткі болды

Республикалық басылымдарда мәдениет, философия, идеология және діни тақырыбы бойынша 300-ге жуық мақала жазған мәдениеттанушы, аудармашы, сценарист, балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген жазушы Зира Наурызбаева "Өнеге" хабарына қатысты.

Белгілі жазушы, күйші, кинодраматург, әдебиет пен музыкатанушы Таласбек Әсемқұловтың жары этнографтан қалған құнды дүниелердің барлығын көзінің қарашығындай сақтап, халыққа қол жетімді болу үшін арнайы you tube-тан арна ашып, сонда күйлері мен шығармаларын жариялап жүргенін айтты.

"Ал балалар тақырыбына баруымның себебі қызыма қатысты" деп күлді студия қонағы. "Адам амалдың жоқтығынан кейде сондай батыл қадамдарға барады екен. Мысалы, "Батумен оның достарының басынан кешкендері" повестіне балалар керемет қызығушылық танытып, мұны "Хәрри Потердің" қазақша баламасы,- деп баға берді.

"Кішкентай оқырмадардың жоғары бағасын алып, пікірін оқығанда төбем көкке жеткендей болады. Бірнеше бөлімнен тұратын шығарма желісінің жалғасы соавтор Л.Клауспен әлі жазу үстіндеміз. Ал "Алтын тостағандар іздеу" повесті бірінші жазылған шығармам еді. Экранизациялау ойда болғанмен, Қазақфильмнің сөресінде жатқанына да бірнеше жыл болды, ол да өз кезегін күтуде, бұйырғаны болар",- деп ағынан жарылған Зира ханыммен болған қызықты әрі боямасыз сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ләззат Тиышбекқызы.