Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Сәлем, Елорда» І республикалық өнер фестивалі басталды

Бүгінгі бағдарлама республикамыздың барлық аймақтарының концерттік ұйымдары мен шығармашылық ұжымдарын, озық орындаушылары мен өнер шеберлерін ұйыстыратын "Сәлем, Елорда!" I Республикалық өнер фестивалі жайлы болды. 

Қазақстандықтарды рухани қолдау, отандық өнерпаздарды ортақ іске жұмылдырып, ел еңсесін көтеруге ықпал етуге бағытталған бұл жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» үйлестіруде.

Осыған орай «Шалқар шаңырағына» "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымы" директорының орынбасары, «Концерттік-гастрольдік қызмет орталығының» тәлімгері Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы мен Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Алданазаров Ержан Жарылқасынұлы келді.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалі салтанатты түрде бастау алды. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған онлайн форматтағы фестиваль Мәңгілік елдің астанасы, Ұлы Даланың алтын қақпасы - Елордамызға арналып отыр.

Толық ақпарат бағдарламаның аудионұсқасында. 

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт