Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Болашаққа қажет 463 мамандық

Саясаттанушы, он тілді жетік меңгерген полиглот, геосаясаткер, заңгер, "BTS education" компаниясының директоры, "Жаңа мамандықтар атласы" жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек "Өнеге" хабарына қатысып, сүбелі сұхбат берді.

Студия қонағы өзінің өмірлік жолын он жыл бұрын айқындап, ағартушылыққа арнағандығын айтты.

"Басты жаңалығым – жақында 2 жыл дайындалып, 2000-ға жуық сарапшылар атсалысқан үлкен жұмысымыз – "Ұлттық жаңа мамандықтар және дағдылар атласы" жобасын аяқтадық. Оның аясында алда 5-10 жылда еңбек нарығында қандай мамандықтар пайда болады? Қандай мамандық жойылады? - деген сауалдарға жауап табасыздар. Сол себепті ата-аналар мен жастарға Enbek.kz-Atlas сайтына кіріп, қарап шығуға кеңес беремін. Онда болашақта керек 463 мамандық жазылды. Атлас үш тілде. Жалпы берері мол жоба",- дейді Саясат Нұрбек.

Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. 

Эфирге дайындап жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.