Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ақын жыры – жүрек сыры

Ақын жыры – жүрек сыры

«Әдебиет әлемі» хабарының осы бөлімі Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында туған, Қостанай облысының Арқалық ауданында есейіп ер жеткен ақын Сейдахмет Мүсіркеп Әлімжанұлының шығармашылығына арналды.

Мүсіркеп Әлімжанұлы "Қанат қақты", "Жадымдағы жалқы жазбалар", "Ақжарма", "Аһ, Дариға" атты жыр жинақтарының авторы. Қарағанды облысы әкімнің "Алтын сұңқар" сыйлығының иегері, "Ерен еңбегі үшін" медальмен марапатталған Мүсіркеп ақын Ақтоғай аудандық "Ақтоғай ажары" (бұрынғы "Арқа еңбеккері", "Тоқырауын тынысы") газетінде тілші, жауапты хатшы, редактор болып жұмыс істеген. Шығармалары республикалық, облыстық, аймақтық басылымдарда жарияланып жүр.

Мүсіркеп Әлімжанұлының атасы Сейдахмет ақын жайлы Назарбек Бектемісов, Әлмағанбет Бөгетбай қалам тербеген. Амангелді Имановтың немере інісі Бақыт Имановтың үміт артқан шәкірттері Әлмағанбет Бөгетбай, Нұржан Наушабаевтан бастап тарихтарын жазған кезде ең басына Мүсіркеп Әлімжанұлының атасы Сейдахмет қарияны қояды, Торғай мектебінің ұстазы, қалыптастырушысы деп.

Сөйлесе сөздің шешені,

Бастаса елдің көсемі

Сейдахмет ақынды

Әулие адам деседі,- деген шумақтың өзі Мүсіркеп ақынның текті атаның ұрпағы екенін айтып тұрғандай.

Толық ақпарат бағдарламаның аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт