"ҚАЗАҚ" ДЕГЕН АТАУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

«Қазақ» атауы 7-8 ғасырларда «Таң патшалығы тарихында» «қаса», «хаса» түрінде жазылған екен. Ежелгі Қытай жылнамаларындағы «үйсін», «усын» яки «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық баламасы делінеді.
Шоқан Уәлиханов “қазақ” сөзі әскери термин ретінде қолданылып, “ержүрек, батыл” деген мәнді білдіргенін баяндайды.
Қазақтың XIX ғасырдағы фольклор зерттеушісі Әбубәкір Диваев қазақ деген сөзді “қаз” және “ұзақ” деген екі түрлі құстың атынан бірігіп қазақ болып қалыптасқан дейді. Ол тағы бір пайымдауында: қазақ сөзінің әсілі “еркін жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан толық аңғаруға болады деп тұжырымдайды.
"Қазақ" атауы қаз (құс) және ақ (аппақ) деген сөздерден шыққан, яғни, “ақ қаз” деген болжамдар бар. Касах, касахия, касак, кашак, касог деген де нұсқалары бар. Бұдан басқа да бірнеше ұстанымдар кездеседі.
Хабар қонағы - тарихи атаулардың этимологиясын зерттеп жүрген ғалым, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлбану Қосымова.
Хабарды жүргізген журналист Оңғар Құрал.
Толығырақ аудионұсқада.