Бүркітбай Аяған: Алтын Орда құлағанда Орыс мемлекеті пайда болды

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасында тарих ғылымдарының докторы, Профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған қонақта болды.
"Қазіргі қазақ, татар, ноғай, өзбектер, тіпті орыстың көбі, қырым Молдавияны құрған Хантемір ғой, Қоңыраттан шыққан, Едігенің ұрпағы. Міне, осының барлығы Ұлық ұлыс – Алтын Ордадан шығады. Ұлт ретінде, мемлекет ретінде Алтын Орда құлағанда Орыс мемлекеті пайда болды, қайтадан. Қазан, Астрахан (дұрысы Қажы Тархан) хандығы, Қырым хандығы, Қазақ хандығы пайда болды. Ең сұмдығы, өзіміз шыққан өркениетті, мемлекетті жамандаумен айналыстық",- дейді студия қонағы.
Толығырақ хабардың аудио нұсқасынан тыңдаңыздар!
Хабарды жүргізген Рүстем Жүніс .