Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Күй өңдегенде синтетикалық электронды дыбыстарды қолданбаған дұрыс - Олжас Сүлейменов

Күй өңдегенде синтетикалық электронды дыбыстарды қолданбаған дұрыс - Олжас Сүлейменов

Шалқар шаңырағына - елімізге белгілі күйші, ҚР мәдениет қайраткері, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрінің жеке орындаушысы, күйші-домбырашы, композитор Олжас Сүлейменов қатысты.  Тәуелсіздік күніне арнайы шығарған авторлық «Тәуелсіздік» күйін орындап, тұсауын кесті. 

Майталман ұстаздардың тәрбиесін көрген Олжас өзінің көп жылғы тәжірибесі арқасында халық композиторлар мен белгісіз деген күйлерді нотаға түсіріп, орындап жүр. Сұхбатта жастардың күйшілік өнерге қызығушылығын қалай арттыруға болатынын айтты.

«Күй ата-бабадан қалған асыл мұрамыз. Жастарға айтарым, оны өңдеп халыққа ұсынғанда синтетикалық құлаққа жағымсыз домбыраның үніне ұқсамайтын электронды дыбысты қолданбаса екен. Әрине«деко»сынды замнауи бағытқа көзқарасым жақсы, ондай өңдеуден өткен күйлерім бар.

Жалпы,уақыт өте күйдің өзі өзгеріске ұшырап отырады. Әр заман өз ықпалын тигізіп, өзінің үнін қосып, күйді байыта түседі. Дегенмен,халық композиторлары мен халық күйлерін түбегейлі өзгертіп, электронды домбыраға синтездеп кетіп қалмаса және елу, жүз жылдан кейін де асыл мұрамыз сол қалпында сақталса!» - дейді студия қонағы.


Бағдарлама соңында «Еуразия» және «Анама» атты күйлерін ұсынды. Күйдің санына емес, сапасына қарайтын адам болғандықтын, автор ретінде жүрегі толғандыратын тақырыпта күй шығарытынын және алдағы уақытта арнайы музыкалық білім ордаларына әдістемелік құрал ретінде күй жинағын шығарып, сыйлағысы келетіндігі туралы айтты.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Хабардың толық нұсқасы радионың сайтында сақтаулы.