Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Қауіпсіздікті сақтау – амандығыңыздың кепілі

Қауіпсіздікті сақтау – амандығыңыздың кепілі

"Шалқар шаңырағында" Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Алматы" ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының зілзалалардың қауіп қатерін алдын алу және азаматтық қорғау саласындағы тобының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Бекболат Оразханұлы мен аға инженер, азаматтық қорғау аға лейтененты Талап Ілияс Саматұлы, инженер, лейтенант Зейнуллин Жасұлан Нұрғалиұлы қонақта болды.

Студия қонақтары сұхбат барысында қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алды алу жолдарына қатысты ақпарат берді.

«Жаңа жылды қарсы алар шақта көбіне пиратехника мен өрт қауіпсіздігін сақтаумаудан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Осының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, рейдтер жасаймыз, жарнама жұмыстарына мән береміз, аудандарды аралаймыз»,- дейді Бекболат Оразханұлы.

Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті еліміз үшін қауіпсіздік – басты мәселе болып қала бермек. Әр маусымның өз ерекшелігі бар. Әсіресе жаңа жыл қарсы алар тұста кез келген жерден пиратехникалық жарылғыштарды, отшашуларды ережелеріне мән бермей, бей-берекет қолдану салдарынан түрлі қайғылы оқиғалар орын алады.

«Біз отшашуды алмаңыздар дегенімізбен, сатуға тыйым сала алмаймыз, алайда ескерту – парыз. Әсіресе, 16 жасқа толмаған балаларға сатпаса екен. Қысқы каникулда балалар қатып жатқан өзен, көлде сырғанақ теберде мұздың түсіне қарап, оның қату деңгейіне көз жеткізгеннен кейін барса, осыған ата-аналар мән берсе, демалыс қайғылы оқиғамен аяқталмайды. Адамдар сақтық шараларын есте мықтап сақтаса екен дейміз. Барлық сұрақтар бойынша ақпараттар қол жетімді. Төтенше жағдайлардың алдын алу депртаменттерінің сайтында бар, оқимын, танысамын дегендерге мархабат»,- дейді студия қонақтары.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиотаспадан тыңдай аласыздар.

Хабарды эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.