Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда және әлемде қалай тойланды

Әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда және әлемде қалай тойланды

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактаттар жазған. Өкінішке қарай, осынау ұшан-теңіз рухани туындылардың көбісі жоғалып, біздің заманымызға тек 40 шақты еңбегі ғана жеткен. Азияның ұлы ғалымдары мен ойшылдары Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Беруни, Бозжани, Омар Хаям және т.б. өздерін Әбу Насыр әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. 


Биыл елімізде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия да құрылған болатын.

Мерейтой шараларына қатысуға халықаралық қоғамдастық және академиялық орта кең ауқымда тартылды, олардың ішінде БҰҰ мен ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік жетекші фарабитанушы ғалымдар бар.

Шетелдегі Қазақстанның Елшіліктерімен және Әл-Фараби орталықтарының қолдауымен және жетекші шетелдік университеттермен бірлесіп – Оксфорд университеті, Джавахарлал Неру университеті, Ыстанмбұл университеті, Каподистри атындағы Афина ұлттық университеті, София университеті, Дамаск университеті, Египет университеті және басқа университеттермен бірқатар халықаралық конференциялар өткізілді.

Әл-Фарабидің мерейтойы Үндістан, Сингапур, Малайзия және Индонезияда аталып өтті. Халықаралық іс-шараларға әлемнің 50 елінің атынан 100-ден астам университеттерден және тағы басқа ұйымдардан 12 мыңнан астам адам қамтылды.

Республикада онлайн режимде 60-тан астам конференция, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар өтті. Мәселен, әлеуметтік желілерде ашық қолжетімділікпен «Парасаттылық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» атты видеодәріс және «Екінші Ұстаз» онлайн веб-семинарлар сериясы өткізілді. 


Жалпы Фараби жылында қандай жоспарлар іске асты? «Əл-Фараби орталығын» құрудағы негізгі мақсат не? Осы жəне басқа да ой тұжырымдар туралы Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың сұхбатынан тыңдай аласыздар.