Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Пандемия өнер саласына қалай әсер етті?

Пандемия ел экономикасының барлық саласының дамуына кедергі келтіргені жасырын емес. Талай жыл қалыптасқан өмір салтымызды өзгерткен карантиндік шектеулер, əсіресе, мәдениет пен өнердің өрістеуіне кері əсер етіп, адымына тұсау салды. Көрерменсіз өткен концерттер мен театр қойылымдары көңілге біраз қаяу салғаны да рас. Əйтсе де, осындай қиын-қыстау кезеңде жаңашылдықпен тығырықтан шығар жол таба білген өнер майталмандары мен өнер ордалары бар. Солардың бірі - Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің мемлекеттік "Музыкалық жас көрермен" театры.

  • Биыл жас театр қиын кезеңнен қалай шықты?
  • Болашақтағы театр өнері тұралап қалмауы үшін не істеу қажет?  

"Шалқар" радиосының тікелей эфирінде осы және өнер төңірегіндегі басқа да сауалдарға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор, халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлегі Асхат Максимұлы жауап берді.

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды Бағдагүл Рахметқызы жүргізді.