Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Тығырыққа тірелгенде өзіңді өзің алып шықпасаң, біреуден көмек күту – бос әурешілік - Зарина Омарова

Қыз-келіншектерге арналған «Өнеге» хабарына халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Зарина Омарова қатысты.


Әнші радиотыңдаушыларға жаңа жылдық ақ тілегін арнап, композитор Марат Омаровтың «Жаңа жыл» деген жаңа әнінің тұсауын кесіп, отбасылық бақыттың кілті туралы әңгімелеп берді. 


«Шаңырақтың шайқалмай, бақытты өмір сүрудің негізі үйге береке кіргізетін ақылды әйелдің қолында. Қазіргі қыздар күйеуге шыққан соң, қит етсе чемоданын жинап төркінге қайтуға дайын тұрады. Бұл ең алғашқы қателік. Отбасы бақыты ақыл мен сабырдан, шыдамдылық пен төзімді болудан басталады» ,- дейді студия мейманы.


Әрине, өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін, бірақ тығырыққа тірелгенде өзіңді өзің алып шықпасаң, біреуден көмек күту – бос әурешілік. «Менің де 52-54 өлешемдегі киім киіп, 95 килограмға дейін салмақ қосқан кезім болды. Бала босанғаннан кейін кез келген келіншек мұндай мәселеге тап болуы мүмкін. Ал өміріңді қалпына келтіруің өз қолыңда. Осыны түсінсең бақытты болудың алғашқы қадамын өзің-ақ жасайсың. Барлығы орнына келеді»,- дейді Зарина Омарова. 


Сонымен қатар әнші жаңа жыл әр отбасына жақсылығымен келіп, жаңарған жақсы өмірге қадам басып, еліміз індеттен толық құтылса екен деген тілегін де білдірді.


Толығырақ аудинұсқада.


Бағдарламаның редакторы: Ләззат Тиышбекқызы.