Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Фархат Кайсаұлы: Қырағылық – біздің басты қаруымыз

Фархат Кайсаұлы: Қырағылық – біздің басты қаруымыз

Биыл әскери құрылымның құрылғанына 29 жыл. 10 қаңтар - Ұлттық ұлан күні. Осы ретте тікелей Елбасының Жарлығымен құрылған әскердің әскери қызметшілері: ҚР Ұлттық ұланы ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы, «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы, майор Жангулин Руслан Тұрғымбайұлы, ҚР Ұлттық ұланы ұйымдастыру- жұмылдыру басқармасының бөлім басшысы, полковник Айдарбаев Фархат Кайсаұлы, Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солисі Әмірғалив Асхат "Шалқар шаңырағына" келіп, тікелей эфирде сүбелі сұхбат берді.


Студия қонақтары әскерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен Ұлттық ұланның хал-ахуалына тоқталды.

"Рухты оғландардан құралған әскеріміздің болуы бүгінде тірегімізге, мақтанышымызға айналды. Ұлан құқықтық тәртіп әскері қауіпсіздіміздің қалқанына айналды. Бүгінде әскерилерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Әлеуметтік жағынан әскери қызметкерлер «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңындағы өзгерістерге сәйкес баспанамен толыққанды қамтамасыз етілген. Жалпы, әскери саланы ұнатып, қалаған адамдар ешқашан өкінбейді",- деді майор Жангулин Руслан.  

"Ұлттық ұланда патриоттарды тәрбиелеуге аса назар аударамыз. Әскердің тарихы мен жауынгерлік жолы өте бай. Әрине, әр әскердің өзіне жүктелген міндеті бар. Біздің міндет қоғаммен тығыз байланысты. Ұлттық ұлан – құқықтық тәртіп әскері. Күн сайын Ұлттық ұланның бес мыңға жуық жауынгері жауынгерлік қызметке шығады. Сондықтан қырағылық – біздің басты қаруымыз. Жауынгерлік қызмет барысында ерлік үлгілері үнемі кездесіп жатады",- дейді полковник Фархат Кайсаұлы.


Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.

Толық ақпарат бағдарламаның аудио және видео нұсқасында.