Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы

Қаншама уақыт өтсе де өзінің құндылығын, өзектілігін жоймайтын бір маңызды мәселе бар, ол – жас ұрпақ тәрбиесі. Бала өсіп-жетілгенде қандай болатыны ең алдымен оның тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтатыны бар емес пе. Қазіргі таңда да балабақшаларда, мектептерде, тіпті жоғары оқу орындарында тәрбиеге жете көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізері хақ. Білім – қарапайым тілмен айтқанда, белгілі бір ақпараттар жиынтығы ғана. Ол санаға сіңіп, ойда қалады. Ал тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
«Сұңқар» радиостудиясының бүгінгі тақырыбы тәрбие төңірегінде. Жастардың да өз айтар ойлары бар. Толығырақ аудиодан тыңдаңыздар!