«Түркістан» газетіне 27 жыл

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасында «Түркістан» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай қонақта болды.
***
Эфирден қысқаша:
Еліміз тәуелсіздігін алып, ұлттығын ұлықтап, жоғын түгендеп, жоғалтқанын қайта таба бастаған жылдары осы елдік мақсаттарды жүзеге асыратын ұлттық басылымдар да жарық көре бастады. Оның бірі, әрі бірегейі – халықтық мүдде мен елдік мұратты ту етіп ұстаған апталық "Түркістан" газеті. 1994 жылдың 28 қаңтарында 4 бет қана болып шыққан "Түркістан" газеті қазіргі таңда қазақ ақпарат айдынан ойып орын алар пәрменді басылымға айналды.
1) Өткен айдың, яғни қаңтардың 28 күні Түркістан халықаралық апталығының жинағы жарық көрді. Бұл жинақтың құндылығы неде?
2) Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Баспасөз – халықтың көзі, құлағы һәм тілі!» деп айтып кеткен болатын. Бүгінде басылымдарға жазылып, іздеп оқитындарды сирек кездестіреміз. Неге бүгінгі буын газет оқымайды? Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін не істеуіміз керек?
3) 10 жылдан кейін газеттің болашағын қалай елестетесіз?
4) Газеттің Республика көлеміндегі таралымы қандай? Көбіне мемлекеттік басылымдарға мұғалімдерді жұмыс беруші тарапынан күштеп жаздырады. Баспасөз басшысы ретінде бұған деген көзқарасыңызды білсек?
Студия қонағының осы және өзге де сұрақтарға жауабын төменде хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
Сұхбаттасқан журналист Рүстем Жүніс.