Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Оңайгүл Тұржан: Дүниеге келген әр адамның өз миссиясы бар

«Өнеге» хабарының бүгінгі санында Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты белгілі ақын Оңайгүл Тұржан қатысып, ұлттық тәрбие жөнінде, адамның өмірдегі басты миссиясы қандай болу керектігі турасында сүбелі сұхбат берді.

Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің еңбектерін қазақшаға аударған, , «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы, «Шерқала», «Жыр-дала», «Теңіздер де шөлдейді», «Жыр кітабы» атты өлең жинақтарының авторы Оңайгүл Ізтұрғанқызы журналистика саласына үлкен арманмен келгендігі туралы әңгімеледі.

Кез келген адамның бойында өзіндік таланты, өмірлік миссиясы болады. Бірақ көзін аша алмаған кейбір адам өмірден баз кешіп, өзіне нақты не керегін білмей, дел-дал болады. Осындай көңілсіздікке, депрессияға ұшырамау үшін салт-дәстүрге, ата-бабадан қалған асыл мұрамызға жете мән беріп, ұлттық құндылықты бойымызға сіңіруіміз керек", - дейді студия қонағы.

Бағдарламаны толығырақ аудио, видео нұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан журналист Ләзза Тиышбекқызы.