Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Дина Нұрпейісова атындағы байқау өтеді

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасына Атыраудан арнайы келген Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің музыканттары және басшысы Сағынтай Көпжасаров, оркестрдің көркемдік жетекшісі, бас дирижеры, республикалық байқаулардың лауреаты, белгілі домбырашы Болат Долдашев пен оркестр жанынан құрылған «Сармад» этно-фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі, негізін калаушы, мульти-инструменталист Бауыржан Ақтаев қатысты.

Сұхбат барысында студия қонақтары Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылғанына байланысты мерейлі датаны атап өтуге арналған жоспарларымен бөлісті.

«Біздің оркестр "Күй - дәуір дамуы" халықаралық конференциясын, ал Дина Нұрпейісова атындағы конкурсты Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония өткізеді. Ал егер Рыспай Ғабдиев атындағы байқауға қатысам деген үміткерлер болса, біздің ресми әлеуметтік желідегі парақшалардан танысса болады», – дейді оркестр басшысы Сағынтай Көпжасаров.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.

Бағдарламаны толығырақ төменде аудионұсқадан тыңдай аласыздар.