Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Полицияда қызмет ететін өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне алғыс айтты

Полицияда қызмет ететін өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне алғыс айтты

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Қазақ елінің бірнеше облысынан полицияда қызмет ететін өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне алғыс айта отырып, мерекелік тілектерін білдірді.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымы. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Тікелей эфирге телефон арқылы байланысқа шыққан түрлі этнос өкілдерінің ішінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының инспекторы Угай Борис, Алматы облысының штаб инспекторы, майор Лаура Измайлова, Алматы облысынан инспектор, кинолог, аға сержант Валентин Кузьмук пен Бауэр Евгения, Федор Бошко, Атырау облысынан полиция сержанты Найденов Максим, Гартман Кира, Мафтей Владислав болды.

  • Ал студияға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы қатысып, кадр саясаты жөнінде сүбелі сұхбат берді.Ішкі істер органдарына модернизациялау жүргізудің шеңберінде мамандандырылған күзет қызметкерлерін қысқарту қарастырылған ба?
  • Қызметкерлерді қысқарту жұмыстары басталып кетті ме?
  • Жұмыстан босатылғандарды жұмыспен қамту мәселесі қалай болып жатыр?
  • Жамбыл облысында жас мамандарды полицияға қабылдауда қандай талаптар қойылуда?

Студия қонақтары осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

Бағдарламаның толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.