Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Руслан бас бәйгені жеңіп алды




   Медиасауаттылыққа арналған «OI DODA» интеллектуалды радиоойынының ойыншылары АҚТЫҚ САЙЫСТА ойын көрсетті.
   
Финалға жолдама алған ойыншылар - Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалар жөніндегі аға менеджері, мектептерге арналған география оқулықтарының авторы Руслан Әділханұлы мен "ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Айжан Серікжанқызы болды.
 

Ойынның шешуші кезеңінде құттықтау сөзді – «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас редакторы – Қазақ радиосының директоры Дулат Орынбасарұлы алып, Гран При жүлдесін табыс етті.
   
ҚР АҚДМ және "QAZAQ RADIOLARY" ЖШС ұйымдастыруымен SHALQAR радиосының медиасауаттылыққа арналған "OI DODA" интеллектуалды радиоойынының Гран При иегері Руслан Әділханұлы атанды.
 
Сонымен бірге, жобаның авторы әрі сарапшысы, журналист – медиатренер Мейрамхан Жәпек «әділ сарапшы» номинациясымен марапатталады.
    Ойынның алғашқы санынан бастап, соңына дейін жауапкершілік танытып, тартысты, қызықты, мазмұнды ойын көрсеткен үзік ойыншылар мен жеңімпаздарды да Қазақ радиосының 100 жылдығы мен «Шалқар» радиосының 55 жылдығында ыстық ықыласымызды білдіріп, «Алғыс хатпен» марапатталды.


Бағдарламаның авторы, жүргізуші-редакторы Гүлнұр Омарханқызы

Аудионұсқа төмендегі сілтемеде