Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Көпен Әмірбек: Сатира – қаһарлы қару

Көпен Әмірбек: Сатира – қаһарлы қару

"Шалқар" радиосының «Өнеге» хабарына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, екі дүркін президент стипендиясының иегері, «Парасат» орденімен марапатталған жазушы, журналист, белгілі сатирик Көпен Әмірбек қатысты.

Жақында ғана туған күнін атап өткен студия қонағы 1 сәуір Күлкі күнімен барша радиотыңдарманды құттықтап, шығармашлық жаңалықтарымен бөлісті. Қазақ радиосындағы қызмет еткен күндерді сағышпен еске алған студия қонағы әр кезеңнің өз ерекшелігі барын, жалпы әр күніңді бағалай білу керектігі туралы айтты.

«Сатираны қаһарлы қару деп танысақ, оны қолдан түсіруге болмайды, мысалы, сатиралық «Ара» журналы «Айқын» газетіне қосымша ретінде шығып жатыр және онда қоғамдағы түйткіл мәселені ашық көтеріп, жариялап тұрамыз», - деді Көпен Әмірбек.

Бағдарламаны толығырақ төменде аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.